С.Ахметов Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді

«Маңызды бағдарлама қабылданды. Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртудың қажеттілігін атап өткен болатын. Оның алғашқы қадамы - Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдау болуы тиіс еді. Бүгін біз бұл маңызды тапсырманы орындадық», - деді С. Ахметов.
Осы ретте Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне басқа да мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп бір айдың ішінде нақты мақсатты индикаторлар жетістіктері мен жылдық көрсеткіштері көрсетілген бағдарламаның әрбір бағыты бойынша шеберлік жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, ведомствоаралық жұмыс тобын құру міндеттелді.
«Бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындайтын Салалық шеберлік жоспарлары мәселелерін шешу бойынша ведомстволық комиссия құру қажет болады», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министрдің атап өтуінше, бағдарлама мүмкіндіктері әрбір ауылшаруашылық құрылымдарына қол жетімді болуы тиіс. Сондай-ақ бұдан Шеберлік жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын үкіметтік емес ұйымдар да тыс қалмауы тиіс.
Бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үйлестіру Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.