С.Ахметов ӘКК басшыларын қайта тағайындау қажеттігін айтты

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылы барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар шығынсыз жұмысқа көшуі қажет.
None
None

Бүгін Үкіметтің селекторлық режіміндегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.

«2014 жылы барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жұмыстың шығынсыздығы деңгейіне шығуы қажет. Бұл облыс әкімдері тікелей жауап беретін маңызды аспект. ӘКК басшыларын қайта тағайындауға байланысты мәселені қайта қарау қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол ӘКК-лар өңірлерде небәрі 2 жылдың ішінде ғана шынайы жұмыс істей бастағандығын, өйткені бұл көшпелі кезең 2014 жылға дейін жалғасатынын баса айтты. «Келесі кезең 2015-2020 жылдары аралығындағы бесжылдық болады. Сондықтан да менің ойымша, жаңа тұжырымдаманы ескере отырып көшпелі кезеңде ұлттық компаниялар мәртебесін сақтау қажет», - деді С.Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы көшпелі кезеңде облыс әкімдері ӘКК-лардың Директорлар кеңесін басқаруы қажеттігіне ерекше тоқталды.

Соңғы жаңалықтар