С.Ахметов археологиялық жұмыстарды лицензиялау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 20 желтоқсан № 1641 Астана, Үкімет Үйі
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған лицензия беру жөнінде келісім беруші органдар болып айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 қаулысымен бекітілген.
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі баспасөзде жарияланды.