С.Ахметов ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу саласын дамытуға арналған бағдарламаны кері қайтарды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту мәселелері талқыланып,
None
None

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов аталған құжатты тағы бір мәрте түзету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарды.

Үкімет басшысының атап өтуінше, қайта өңдеу саласын дамытудағы негізі бағыттар «Агробизнес-2020» бағдарламасында айқындалған. Аталған құжатқа сәйкес өңдеу саласын дамыту үшін 2020 жылға дейін тек мемлекет тарапынан қолдауға 130 млрд. теңге қарастырылған.

«Салалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін әзірленген шеберлік жоспарында нақты қолдау шаралары, қажетті қаржының жыл сайынғы көлемі барынша тыңғылықты жазылған. Салааралық үйлестіру мәселелері кешенді жоспар аясында көрініс табуы әрі шешілуі тиіс», - деді С.Ахметов.

Осы ретте Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бүгінгі ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, бағдарламаны түзетіп, қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. «Менің ойымша, тағы бір апта беру қажет. Шеберлік жоспарын және сәйкесінше кешенді жоспарды түзетіп, қабылдау қажет», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар