С.Ахметов орталық меморгандар басшыларына Елбасы тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің ағымдағы жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов орталық мемлекеттік органдар басшыларына Елбасы тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.
None
None

С.Ахметов өз сөзінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  индустрияландыру, өңірлерді әлеуметтік жаңғырту және дамыту міндеттерін шешу бағытында берген тапсырмаларын орындау қажеттігіне ерекше тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей, Үкіметте 30 тармақтан тұратын іс-шараларлардың сәйкес жоспары әзірленді әрі 26 тапсырманың орындалу мерзімі осы жылдың төртінші тоқсанына, ал қалғандары келесі жылдың басына белгіленген. Сондықтан да мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, министрлерге Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын ерекше бақылауға алуды тапсырамын», - деді С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум