С.Ахметов ТЖМ, облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдеріне су тасқынының жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов селекторлық режімде көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері қаралған кеңес өткізді.
None
None

«Су тасқыны әзірге шегіне жеткен жоқ», - деп атап өткен С.Ахметов бүкіл еліміз бойынша тасқын қаупінің бар екенін, әсіресе, оның шығыс және орталық өңірлерде, оңтүстік облыстарда сақталып отырғанын баса айтты.

Осыған байланысты Үкімет басшысы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдеріне сонымен бірге мүдделі органдарға республикада су тасқынының жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ С.Ахметов «барлық техникаларды жұмылдыру, қар тазалау жұмыстарын күшейтіп, қоғамдық сенбіліктер өткізу қажеттігіне» тоқталды.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты таратқан ақпаратқа қарағанда, бұл жұмыстарды үйлестіріп отыру және оның орындалу барысы туралы уақытында ақпараттандыру Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.

Соңғы жаңалықтар