С.Ахметов «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
None
None

Өз сөзінде «жасыл» экономикаға көшудің жаңа тұжырымдасын Мемлекет басшысы бекіткендігін атап өткен С.Ахметов: «Тұжырымдаманы жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары қажет. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне екі апталық мерзімде оны әзірлеп, Үкімет қарауына енгізуді тапсырамын. Ол нақты, түсінікті сипатта болуы тиіс»,- деді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы тұжырымдаманың негізгі ұстанымдары табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға, экожүйені тимді басқаруға, «таза» технологияларды кеңінен енгізуге, энергияның жаңаратын көздерін дамытуға, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар