С.Ахметов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр,

С.Ахметов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр

деп хабарлады pm.kz сайты.

Бүгін С.Ахметов Жаңаөзен қаласына  барады. Онда   бірінші вице-премьер қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының  2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексереді, сондай-ақ «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының аясындағы «Самал» ықшамауданын абаттандыру жобасымен танысады.

Ол сондай-ақ «КазГПЗ» ЖШС-інде болып, зауыттың технологиялық үрдісін қалпына келтіру жұмыстарымен танысады.

Оған қоса, бүгін С.Ахметовтің төрағалығымен Жаңаөзен қаласының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Онда қаланың ағымдағы жағдайы, Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарының іске асырылу барысы қаралады.

Түстен кейін С.Ахметов «Daewoo Shipbuilding&Marine Engineering Co., LTD» компаниясының бұрғылау баржасын суға түсіру рәсіміне қатысады. Бұл баржа қазақстандық теңіз қайраңының перспективалық учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.