С. Ахметов жыл соңына дейін ҚР аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын бекітуді тапсырды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы негізгі тәртібін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдады.

С. Ахметов жыл соңына дейін ҚР аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын бекітуді тапсырды

Министрлер кабинетінің отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов аталған құжат екі жылдың ішінде тыңғылықты талқылаудан өткенін және барлық тиісті органдармен келісілгенін жеткізді.

«Өңірлік даму министрлігі биылдың соңына дейін Аумақты ұйымдастырудың бас сызбасын бекітуі тиіс», - деп тапсырды Үкімет басшысы.

Бас схема - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі аумақты дамыту стратегиясын анықтайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.