С. Ақылбай Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен Парламент Сенатының жалпы отырысы өтіп,

  С. Ақылбай Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды

онда палата депутаттары Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің жаңа төрағасын сайлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының Жарлығымен сенатор Берік Имашев Әділет министрі қызметіне тағайындалған болатын. Соған байланысты жаңа министрдің депутаттық өкілеттігі тоқтатылған еді. 

Осыған орай, Б. Имашев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің төрағасы қызметінен де босатылды. Оның орнына сенаторлардың ұсынысымен депутат Серік Ақылбай комитет төрағасы болып сайланды.

  Спикер Б. Имашевтың заң шығармашылығы жұмысындағы қызметін жоғары бағалап, бұған дейінгі Сенат депутаттығында жинақтаған тәжірибесін кейінгі жауапты қызметтерінде пайдаланатындығына сенім білдірді. «Әділет министрлігін жаңа деңгейге көтеріп, алдағы уақытта да Парламентпен тығыз байланыста болады деп сенеміз», - деді Қ. Мәми.