12:36, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жаңа ғылыми-танымдық зертханасы ашылады
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде жаңа ғылыми-танымдық зертханасы ашылмақ.
Бұл жайында ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Ғылыми-танымдық зертхана ҚазҰМУ-нің заманауи инновациялық жобасы болып табылады. Университет ректоры, профессор А.Ақановтың тікелей бастамасымен құрылған зертханалық «технопарк» жаңа буындағы студенттерді дайындауға және университет қызметкерлерінің жоғары ғылыми әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Осы зертхананың негізінде Қазақстанда тұңғыш рет барлық зертханалық зерттеу жұмыстарының барлық кезеңдерін стандарттандыруға негізделген сапаны бақылау жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ, осы арқылы зертхана ішінде сапаны бақылау және сыртқы бағалау нәтижелерін сараптауға, яғни ISO 15189 ? 2008 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын ерекше талаптар» құжаттарына сәйкес келетін сапа менеджмент жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не халықты емдеу мен аурулардың алдын-алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына жол ашады.Ғылыми-танымдық зертханада молекулярлы генетика, биохимия, иммунология және морфология бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады. Қазірдің өзінде бұл жерде шетелдік мамандарды тарту арқылы бірқатар ғылыми бағдарламаларды қолға алу жоспарланып отыр.