С. Әйімбетов Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып сайланды - Мәжіліс
ыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметіне Сейітсұлтан Әйімбетовты сайлады.
Аталған кандидатураны жиын барысында палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов ұсынған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы қызметін атқарған депутат Владимир Бобров Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланған еді. Осыған орай, О. Мұхамеджанов С. Әйімбетовтың кандидатурасын палатаның талқысына шығарды. Төрағаның айтуынша, С. Әйімбетовтың кандидатурасы «Нұр Отан» партиясы басшылығымен келісіліп, Мәжілістегі партия фракциясында талқылау барысында да қолдау тапқан.
Әріптестері спикер ұсынған комитеттің жаңа төрағасын жақтап, бірауыздан дауыс берді.