С.Берлускони: Дағдарыстың аты - «американдық тұмау»

РИМ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат - Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлускони әлемдік қаржы дағдарысын «итальян экономикасына вирус болып жабысқан «американдық тұмау» деп атады.


С.Берлускони:   Дағдарыстың  аты -  «американдық тұмау»
С.Берлускони бұл мәлімдемені Сицилия аралын Аппенин түбегімен байланыстыратын «Қызыл жебе» жаңа жүрдек пойызының машинисі рөлінде сөйлеген кезінде жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.С.Берлусконидің пікірінше, Италия өзінің салауатты банк жүйесі мен сыртқы берешегінің аздығының арқасында жақында дағдарыстан оңалады. Дегенмен Премьер өз отандастарын табанды болуға шақырды. Италия үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасының құны 80 миллиард еуроға бағаланып отыр.