С.Берлускони келесі парламенттік сайлауға қатыспайтын болды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Италия Премьері Сильвио Берлускони экономика министрі Джулио Тремонтиді өз ізбасары деп жариялады.
None
None

Итальян премьері осылайша, 2013 жылғы парламенттік сайлауға қатыспайтынын қуаттады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

С.Берлускони бұған дейінгі бір мәлімдемесінде әділет министрі Анджелино Альфаноны өзінің ықтимал мұрагері ретінде атап, егер одан күшті кандидат келсе, үкіметтен кете алатынын айтқан еді.

«Егер оңшылцентристер мені премьерлікке кандидат ретінде жариялайтын болса, мен қаламын. Бірақ екінші жағынан, егер жаңа кандидаттар пайда болса, ал ондайлар баршылық, бірінші кезекте Тремонтиді атар едім, онда мен партияның жұмысына ауысып, үкіметті басқаларға тапсырамын», - деп мәлім етті Италия Премьері мемлекеттік телеарнаның тікелей эфирінде

Айта кету керек, Берлусконидің аты қазір төрт бірдей қылмыстық іске арқау болып отыр. Атап айтқанда, премьерге жемқорлық, алаяқтық, салық төлемеуі және кәмелетке толмаған жезөкшелермен байланыс фактілері бойынша күдіктер келтірілуде.

Соңғы жаңалықтар