С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Ұстазға ескерткіш ашылды
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚахзАқпарат - ҚазҰМУ-де «Ұстазыма» мемориалдық кешені ашылды, деп хабарлады медициналық университеттің баспасөз қызметінен.
Бұл ертеден жұмыс істеп келе жатқан ЖОО-ны дамытудың басында тұрған, өзінің бүкіл өмірі мен жастығын арнап, елдің озық медицина мамандарының ұстаханасын дамытуға үлес қосқан адамдардың барлығына тағы бір мәрте құрмет көрсету болды.
ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақановтың бастамашылық етуімен ашылған Ұстазға ескерткіш студенттерге ең адамгершілігі жоғары мамандық - медицинаны оқытатын барлық оқытушыларды құрметтеудің белгісі болды.
«Ұстазыма» мемориалдық кешені ескерткіштен және ҚазҰМУ-дің барлық профессорларының есімі жазылған мемориалдық тақталардан тұрады. Ескерткіштің ашылу салтанатында академик Төрегелді Шарманов айтқандай, «әр есімнің артында тұтас тарих, тұтас дәуір бар, бұл адамдардың әрқайсысы университеттің болашағына жол салған».
«Біз мәңгілік емеспіз, университет мәңгілік, ЖОО-ның дәстүрлері және біздің елімізге көптеген тамаша дәрігерлерді дайындап шығаруға еңбек еткен барлық оқытушылар туралы естелігіміз мәңгілік», - деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов.
ҚазҰМУ 83 жыл ішінде 70 000-ға жуық дәрігерлерді дайындап шығарғанын атап өткен жөн.