С дәрумені темекі тартатын жүкті әйелдердің сәбиін қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүктілік кезінде темекі тартуды тастамайтын әйелдердің бұл әрекеті болашақ балаларының денсаулығына, әсіресе өкпесіне қатты кесірін тигізеді. Алайда, осыны біле тұра әйелдердің көбі жаман әдетінен арылуға асықпайды.
Зерттеулерге қарағанда, С дәрумені шылым тартатын әйелдер балаларының өкпесіндегі сырылдың пайда болуын азайтады. Атап айтқанда, дәрумен нәрестелердің өкпе ауруларының дертіне тосқауыл қоюдың қарапайым және арзан әдісі болып табылады.
С дәрумені құрсақтағы баланың өкпесі дамуы кезінде никотиннің әсерін жоюға ықпал етеді екен, деп жазады шетелдік БАҚ.