С. Демирел атындағы университеттің тыныс-тіршілігімен жұртшылық енді смартфоннан құлағдар болып отырады

АЛМАТЫ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Сүлеймен Демирел атындағы университет андроид негізіндегі смартфондарға арналған "SDU informer" мобильдік қолданбасын шығарды.

С. Демирел атындағы университеттің тыныс-тіршілігімен жұртшылық  енді смартфоннан құлағдар болып отырады

Ол университет туралы негізгі мәліметке қолжемділікті арттыру мен қоғаммен байланысты жеңілдету мақсатында жасалды. Оны www.play.google.com сайтынан көшіріп жазып алуға болады. Қазақстанда тұңғыш рет жасалып отырған бұл қолданбаның ең басты артықшылығы ол - университетке қатысты грант, байқау, семинар және басқа да мағлұматтар сияқты соңғы жаңалықтармен әрдайым қамтамасыз етіп отырады. Одан сондай-ақ, университет өмірі, факультеттер, клубтар жайлы тың ақпараттар, байланыс мағлұматтарды, университет оқытушылары басып шығарған e-pub үлгісіндегі кітаптарды, соңғы жаңалықтар мен алда болатын оқиғалар жайлы мәліметтерді табу мүмкіндігі болады. Енді қолданбаның басқа смартфондарға (Apple және Windows Phone) арналған нұсқасы жасалып жатыр.