С. Дүйсенбаев Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласы әкімінің 2013 жылғы наурыз айындағы өкімімен Дүйсенбаев Серік Әбішұлы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Дүйсенбаев Серік Әбішұлы 1951 жылғы 6 қарашада дүниеге келген. Жоғары білімді. 1977 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Өз қызмет жолын «Казсельхозтехника» Шиелі аудандық бірлестігінің слесарь-монтажнигі болып бастап, 1977-1986 жылдары «Нан өнімдері» бірлестігінің инженер-механигі, осы мекеменің бас механигі, директорының орынбасары, бас инженер, директор лауазымдарында жұмыс істеген.
1996-2002 жылдар аралығында «Ел ырысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2002-2005 жылдары «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» АҚ президенті, 2005-2007 жылдары «Арзан базар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.
2007-2008 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2008 жылдың қыркүйек айынан жаңа қызметке дейін Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.