Сьерра-Леоне елшісінің отбасы Ресейден аластатылды

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - Сьерра-Леоне елінің төтенше елшісі Сами Танк Турей, оның жұбайы және ұлы Рахым Ресейден шығарылып, ел аумағына келуге тыйым салынған тұлғалар деп жарияланды. Бұл туралы «Маяк» радиосы» хабарлайды.

Сьерра-Леоне   елшісінің  отбасы  Ресейден    аластатылды

LifeNews агенттігінің ақпараты бойынша, мәскеу милициясы елшінің ұлын бірнеше рет жауапқа тартпақ болған, бірақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сьерра-Леоне елшілігіне келген сайын, елші немесе оның көмекшілері иммунитетке кепілдік беретін куәліктерін көзге шұқып отырған.

Тәртіп сақшыларының дерегі бойынша, Рахым Турейге бірнеше рет адам зорлады деген күдік келтіріліп отыр.