Сьерра-Леонеде Эбола салдарынан Рождество және Жаңа жыл тойланбайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Африкадағы Эбола індеті тараған Сьерра-Леоне елінде Рождество және Жаңа жылды қоғамдық деңгейде тойлауға тыйым салынды.
None
None

Мереке күндері әскерилер көшелерді бақылап, аталған бұйрықтың орындалуын қадағалайды.

Сьерра-Леоненің негізгі діні ислам болғанымен, онда Рождество ауқымды тойланатын, деп хабарлады BBC.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратынша, Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде Эбола дертін жұқтырғандардың саны 18 188 адамды құрады. Оның 6 583 қаза тапты. Сьерра-Леонеде бұл кесел тез тарауда.

Соңғы жаңалықтар