Сьерра-Леонеде Эболамен күресте қажет база жеткіліксіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде Эбола індетімен күресетін медициналық орталықтардың тек үштен бірі ғана керек жарақтармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ел президенті Эрнест Бай Корома мәлімдеді, деп хабарлады ВВС.

Сьерра-Леонеде Эболамен күресте қажет база жеткіліксіз

Оның айтуынша, індетті тексеретін зертханалар санын арттыру керек. Айта кету керек, Эбола індетінің таралуы Гвинея және Либерияда азайғанымен Сьерра-Леонеде әлі жалғасуда.