Сьерра-Леонеде құны 6 млн. доллардан асатын алмаз табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде құны 6 млн. доллардан асатын алмаз табылды. Елдің пайдалы қазбалар агенттігі салмағы 153 карат болатын бұл асыл тас шығыстағы Коно округінен табылғанын хабарлады, бұл - онжылдықтағы ең бағалы олжа, деп хабарлады Би-Би-Си.

Сьерра-Леонеде құны 6 млн. доллардан асатын алмаз табылды

Бұдан бұрын ең үлкен алмаз 1972 жылы Сьерра-Леоне жұлдызы кенішінін табылған болатын.

Сьерра-Леоне - әлемдегі ең кедей елдердің бірі, дегенмен мемлекет аумағы алмаз кендеріне бай, бұл пайдалы қазба 1991-2002 жылдардағы азамат соғысын қаржыландырудың көзіне айналған еді.

2012 жылы БҰҰ-ның Сьерра-Леоне бойынша трибуналы Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тэйлорды 50 жылға түрмеге отырғызған болатын. Гаагадағы сот оны Революциялық бірлескен майдан көтерілісшілеріне қолдау көрсетуге айыпты деп тапты.

Сьерра-Леонедегі азамат соғысы 1991-2002 жылдары орталық үкімет пен билікті тартып алуға және елдегі алмазы кеніштеріне қожалық етуге тырысқан «Бірлескен революциялық майдан» арасында болды.Жанжал 100 мыңнан астам адамның қазаға ұшырауына әкеп соқтырды.