Сьерра-Леоненің денсаулық сақтау министрін Эбола дерті үшін қызметінен босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леоне президенті Эрнест Бай Корома жұма күні, 29 тамызда, денсаулық сақтау министрі Мьятта Каргбоны қызметтен босатты. Мемлекет басшысы мұндай шешімді Эбола індеті бұл елдің 400 азаматының өмірін қиған соң қабылдады, деп хабарлады Lenta.ru.
None
None

Денсаулық сақтау министрлігін Мьятта Каргбоның орынбасары доктор Абубакар Фофана басқаратын болды.

Эбола ауруы ағымдағы жылдың ақпанынан Гвинеяда тарала бастаған. Кейін вирус көршілес Сьерра-Леонеге, Либерияға және Нигерияға тарады. 25 тамызда белгілі болғандай, қауіпті дерт Конго Демократиялық Республикасына жетті. Мұнда аталған ауру салдарынан кем дегенде 2 адам қаза тапты.

ДДСҰ соңғы мәліметтеріне қарағанда, вирус 1 мың 552 адамның өмірін қиды, жалпы дерттің 3 мың 069-дан аса жағдайы тіркелді.

Соңғы жаңалықтар