Съезд шешімін орындаймыз: Атырау МӨЗ сапалы жанар май шығару көлемін арттыра түседі
АТЫРАУ. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП ХІІ-ші съезіндегі баяндамасында басқа да басымдыққа ие тапсырмалардың бірі - еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттарын, оның ішінде Атырау МӨЗ бар, толық модернизациялау қажеттігіне ерекше мән берді. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары – бензин және авиакеросин секілді жоғары сапалы мұнай
өнімдерімен еліміздің ішкі сұранысын толық қанағаттандыруы тиіс. Жалпы алғанда мұнай өңдеу саласына 2014 жылға дейін отын-энергетика кешенінің жалпы қосымша құнын 30 пайызға дейін арттыру міндеті жүктелді. ҚР Президентінің Атырау мұнай өңдеушілері алдына қойған тапсырмасы қалай орындалмақ, бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Атырау МӨЗ-ның техникалық директоры Денис Козырев айтып берді. -Президент мұнай өңдеушілерге Республика рыногын сапалы мұнай өнімдерімен толықтыру туралы нақты тапсырма жүктеді. Бұл тапсырманы ұжым қалай жүзеге асырғалы отыр? - Біз тапсырманы орындауға кірісіп кеттік деп айтсақ та болады. Зауытта жапондық жоба бойынша жұмыс жасайтын жаңа қондырғыларды орнату жүргізіліп жатыр. Бұлар бізге Еуро-2 деңгейіндегі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өткен жылы біздің кәсіпорындарда шығарылған бензиннің барлық көлемі Еуро-2 деңгейіне сәйкес келді. Бұдан басқа біз әзірге аз мөлшерде болса да Еуро-2 деңгейіне сәйкес келетін дизель отынын шығара бастадық. Бұл өнім өте сапалы: тіпті өте төмен температурада да қата қоймайтын дизель отынын айырдық. Біздің аймақ бүгіннің өзінде сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етілді. Өкінішке орай біздің көлем Қазақстан Республикасы үшін тым аз.
-Мұны мемлекет басшысы съезде өз баяндамасында айтты. Ал, алдағы уақытта не тындырылуы тиіс? -Бүгінде ваккумдық блокты қайта қалпына келтіру жұмыстары толық қарқынмен атқарылып жатыр. Бұл ваккумдық «газойл» секілді өте бағалы өнімге қол жеткізеді.
Келесі жылдан бастап біз жылына 1 млн. тоннаға дейін өнім өндіруге жол ашатын баяулатылған кокстеу қондырғысын қайта құру ісін бастамақпыз. Келесі кезең ? ароматика өндіру жөніндегі кешен құрылысы. Ароматика өндіру жөніндегі кешен екі жеке өндірістен тұрады. Бұлар, бензол өндірісі және ароматикалық көмір сутегі өндірісі. Осы кешен іске қосылған соң, Атырау мұнай өңдеу зауыты жылына Еуро-3 және Еуро-4 деңгейіне сәйкес келетін 1 млн. тоннаға дейін бензин шығаратын болады. Сонымен қатар бензол өндіру жөніндегі кешен іске қосылған соң, зауыт сутегімен де толық қамтамасыз етіледі. Сутегінің қосымша көлемдері Еуро-3 және Еуро-4 деңгейінен кем түспейтін жанар-жағар майдың кез-келген түрін шығаруға мүмкіндік береді. -Сіз мұнай өңдеу, жаңа сападағы өнім шығару көлемін арттыру жөнінде айтып отырсыз. Ал шикізатты тереңдетіп өңдеу ұлғайтылады ма, өйткені, оның көлемі бүгінде 50-60 пайыздан аспай отыр. Не себепті өңделген мұнайдың басым бөлігі арзан мазут немесе одан да төмен қалдықты өнімдер шығаруға жұмсалады? - Ия, мұнайды қайта өңдеудің тереңдігін ұлғайту, оның көлемін 90 пайыздан кем емес көрсеткішке жеткізу, бұл ? біздің басты міндетіміз. Ол үшін біз мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу жөнінде кешен орнататын боламыз. Осылай етсек, онда жоғарғы октанды бензин мен дизель отынын алудың сәті түсер еді. Бензин шығаруды 3 есеге, ал дизель отынын шығаруды 1,5 есеге арттырамыз. Ароматикалық көмірсутегін өндіру жөніндегі кешеннің құрылысы жайында біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Аталған кешен пайдалануға берілген соң, Атырау жылына 133 мың тонна бензол және 496 мың тонна параксилола өндіретін болады. Президент: елімізде мұнай химия саласын жандандыру міндетін қойды. Қазақстанда тұңғыш рет тура осы Атырау облысында ықпалдастырылған мұнайхимия кешенінің құрылысы салынады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмысы осы жылы басталғалы отырған кәсіпорынға біз шикізаттық база боламыз.Жалпы алғанда АМӨЗ қайта жөндеуден өткен соң, біздер өнімді 2 есеге дейін ? жоғары октандық бензин өндіруді ? 1 млн. 100 мың тоннаға дейін, ал авиакеросин шығаруды 4 есеге дейін ? 356 мың тоннаға дейін өндіреміз. Дизельдік отын өндірісін де ? 1 миллион 400 мың тоннаға дейін ұлғайтамыз, сол арқылы мазут өндірісін 10 есеге дейін кемітеміз.Біз сөз етіп отырған өнімнің түрлерінің барлығы да Қазақстан рыногы үшін үлкен сұранысқа ие. Сондықтан да зауыттың жаңа өндіріс қуаты мұнайдың қайта өңделуін жылына ? 5 миллион тоннаға дейін жеткізеді.