С.Гороховодацкий футболдан ҚР жастар құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінен кетті
АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы (U-21) міндетін атқарушы Сергей Гороховодацкий өз өтініші бойынша отставкаға кетті.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Қазіргі уақытта Қазақстан Футбол федерациясы осы қызметке лайықты бірнеше үміткерді қарастыруда. Еліміздің жастар құрамасының жаңа бас жаттықтырушысын тағайындау 2009 жылғы шілдеде өтеді деп күтілуде.