С. Хижниченко Украинаға ауыса ма?..
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - Армения құрамасының екі ойыншысы Артур Саркисов мен Маркос Пизелли «Ақтөбе» командасына келуі мүмкін. Бұл туралы армениялық басылымдар жазып жатыр. Саркисов қазір ресейлік «Урал», ал Пизелли «Краснодар» клубында ойнайды.
Қазір «Ақтөбе» сапында Армения құрамасының ойыншысы Роберт Арзуманян ойнайды, деп хабарлайды «Аламан».
Сондай-ақ «Шахтер» клубында ойнайтын колумбиялық Рохес Каньяс келер жылы не «Қайратқа», не «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін. Екі клуб та ойыншыға ұсыныс жасап отыр. Бірақ бір талаппен: Каньяс Қазақстан азаматтығын алуы тиіс.
Ал «Шахтер» клубының ойыншысы Сергей Хижниченкоға Украинаның «Карпаты» клубы қызығушылық танытуда.