С.Лукьяненко «Байқоңыр» халықаралық әдеби байқауының қазылар алқасының құрамына кірді

«Ночной Дозор», «Дневной Дозор», «Сумеречный Дозор» кітаптары мен Тимур Бекмамбетов түсірген аттас фильмдердің сценарийлерінің авторы қосылды. Бұл туралы «Болашақ» президенттік стипендиаттар қауымдастығының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сергей Лукьяненко Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау қаласында дүниеге келіп, Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-психиатр мамандығы бойынша бітірген. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Алматы қаласының «Альфа-Пегас» фантастика клубының негізін қалаған. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласында тұрады және қызмет етеді.
Жазушы «Ночной дозор», «Дневной дозор», «Сумеречный дозор», «Последний дозор» және тағы да басқа кітаптарымен әйгілі. «Аэлита», «Звёздный мост», Платинді Тарлан, Александр Грин атындағы премиялардың иегері. «Странник» сыйлығының түрлі номинацияларының бірнеше мәрте иегері.
Байқау жеңімпаздарын Сергей Лукьяненкодан басқа қазақстандық фантастиканың негізін қалаушылары Абдул-Хамид Мархабаев пен Медеу Сәрсекеев, жазушы, ақын, ғалым Орынбай Жанайдаров, қазақ әдебиетіндегі алғашқы әйел фантаст Нарбинь Кенжеғұлова және қазақстандық фантастиканың басқа да білгірлері анықтайды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығы атап өтілетін жылы «Болашақ» қауымдастығы мен қазақстандық фантастика әуесқойлары әлемдік ғылыми фантастика ілімі мен ғарышты игеру ісінің дамуына қосқан үлесі үшін берілетін «Байқоңыр» қоғамдық сыйлығын жариялағанын еске салған жөн.
«Байқоңыр» халықаралық жастар фантастикалық әңгімелер байқауы Халықаралық ғарышкерлер күні, яғни 12 сәуірде басталып, 18 және 35 жас аралығындағы барлық азаматтарға өздерін фантастика мен фэнтэзи жанрларында сынап көруге мүмкіншілік берді. Демеушілердің арқасында байқау жеңімпаздары өз туындыларын әдеби журналдарда, кітап жинақтарында жариялау мүмкіншілігіне және бағалы сыйлықтарға ие болады.