С.Мәдиев актерлік шеберлігін Голливудта шыңдауға аттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізге есімі танымал актер Санжар Мәдиев актерлік шеберлігін жетілдіру мақсатында Лос-Анжелеске аттанды. Бұл жаңалығымен актер ғаламтор арқылы бөлісті.
«Бұл жолы Голливуд мені таңдады. Бес мың қатысушының ішінен мен жеңімпаз атандым және өзімнің актерлік шеберлігімді шыңдау үшін Лос-Анжелеске ұшып барамын. Мұнан шығатын қорытынды: Қорықпаңыздар, алға ұмтылыңыздар, сіздердің қолдарыңыздан барлығы да келеді. Өздеріңізге деген сенім күшті болсын!», деп жазды ол.