С.Матаев 300 млн теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінді - Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Ақпараттандыру жөніндегі комитет пен «Қазақтелеком» АҚ-на мемлекеттік саясатты дамыту мен баспа басылымдарына материалдар жариялауға бөлінген 300 миллион теңгеден аса қаражаттың жымқырылғанын анықтады.
None
None

«Аталған ведомстволар осы мақсатта «ҚазТАГ ХАА» ЖШС және «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігімен келісімдер бекіткен.

Тапсырыс берушілердің басты талаптары тұрғындарға мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпарат тарату және жалпы ашықтықты қамтамасыз ету. Алайда бұл талаптар орындалмады. БАҚ-та жариялануы үшін төленген ақпараттар қоғам үшін жабық түрде жарияланды. Материалдарға қол жеткізу үшін қосымша қаражат төлеу міндеттелді.

Ал, Ақпараттандыру комитеті аударған 80 млн. теңге көлеміндегі және «Қазақтелеком» аударған 260 млн. теңге көлеміндегі қаржыны Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев қолма-қол ақшаға айналдырды. Сонымен қатар, тергеу анықтағандай, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан Матаев 1,4 млрд. теңге сомасындағы қаражатты қалтасына басты, 327 млн. теңге көлеміндегі салық төлемеді», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың осындай мақсаттарға бөлінген 169 млн теңге сомасында қаражат жымқыру фактісі де тексеріліп жатыр.

Матаевқа ақша жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр.

Осы қылмыстар үшін мүлкі тәркіленумен бірге 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Бүгінгі күні келтірілген залалдың шығынын өтеу үшін сот санкциясымен Матаевтың мүлкіне тыйым салынды.

Матаев және қылмыстық істің басқа да қатысушыларына тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты процесстік мәжбірлеу шараларын қолдану мәселесі қарастырылуда.

Бүгін берілген пресс-конференция Матаевты қылмыстық жауапкершіліктен бас тарту және тергеудің объективті жүргізілуне кедергі келтіру мақсатында ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар