С. Нокин баспанаға қатысты жас отбасылар тізімін әкімдікте құрылған жастар саясаты басқармасына беруді ұсынды

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әкімдіктерде құрылған жастар саясаты басқармасына, жас отбасыларының тізімін белгілеуді жүктеу керек.
None
None

Ол тізім жастар қоғамдық ұйымдарының қатысуымен жасалса игі. Парламентте  «Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен перспективалары» атты тақырыпта өткен парламенттік тыңдауда ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осындай ұсыныс айтты.

Төрағаның айтуынша, бүгінгі бағдарламаға сәйкес жалға берілетін пәтерлерді беру үшін жас отбасылардың тізімін қалыптастыруды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Бұдан кейін «Тұрғын-үй-Құрылыс-Жинақ-Банкі» үміткерлердің төлем қабілетін бағалайды.

«Алайда кейбір әкімдіктер үміткерлерден құжаттар қабылдайтын және олардың тізімін жасайтын құрылымдық бөлімшені әлі белгілеген жоқ. Бұл жас отбасылар тарапынан өтінішті «кімге?» «қайда?» жазу керек деген сұрақтарды туғызып отырғаны да рас. Сондықтан да, әкімдіктерде құрылған жастар саясаты басқармасына жас отбасыларының тізімін белгілеуді ұсынамыз. Оның жұмысы жастар қоғамдық ұйымдарының қатысуымен бірлесе атқарылса игі», - деді Серік Нокин.

Соңғы жаңалықтар