С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық бокс турниріне 126 боксшы қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бүгін, 24-28 мамыры аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық Орталық Спорт Клубы залында Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан XIX Халықаралық турнирі өтеді. Оған әлемнің жеті елінен: Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 126 былғары қолғап шебері қатысады.
«Жекпе-жектер барлық 10 салмақ категориясы бойынша өтеді. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігі ЦСКА спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаров.