S&P Түркия рейтингі бойынша болжамын төмендетті
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Standard & Poor's Халықаралық рейтингтік агенттігі Түркияға қатысты өз болжамдарын өзгертіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Агенттіктің соңғы ақпараттарына қарағанда, Түркияның шетелдік валютадағы «ВВ/В» және «ВВВ-/А-3» ұлттық валютадағы несие рейтингі оң бағадан тұрақты деңгейге дейін төмендеді.
S&P мәлімдеуінше, мұндай қадам сыртқы қарызы айтарлықтай Түркияның несие өтеу қабілеті көрсеткіштерінің төмендеу қаупін арттыратын сұраныстың төмендеуі мен сауда шарттарының нашарлауына байланысты жасалып отыр.
«Қалыптасқан жағдайға байланысты елдің егемен рейтингі бойынша болжамды қайта қарау шешімі қабылданды, және бұл шешім аталған деңгейде алдымыздағы 12 ай ішінде өзгеріссіз қалатындығына мүмкіндік зор,» - деп хабарламада айтылған.
Сәуір айының мәліметтеріне қарағанда, Түрік елінің экспорты жыл ішінде 2,9% төмендеп, 11 млрд 410 млн долларды құраған. Дегенмен, ақпаратқа сәйкес, жыл басында өткен жылдың сәйкес кезеңінемен салыстырған экспорт көлемі 5,9%-ға жоғары және 45 млрд 660 млн долларға дейін жеткен.