С. Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» мандаты табысталды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Қазмедиа орталығында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының танымал боксшысы Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағын табыстау шарасы өтті. Спортшыға аталған мандатты ЮНЕСКО бас хатшысы Ирина Бокова табыс етті.

С. Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» мандаты табысталды

Айта кетейік, жалпы бұған дейін «UNESCO Champion for Sport» атағын әйгілі автошабондоз Михаэль Шумахер, футболшы Эдсон Арантис ду Насименту ( Пеле) мен Оскар Табарес, дзюдошы Давид Дуйе, жеңіл атлет Сергей Бубка, Виргилиус Алекна, Вероника Кэмпбелл-Браун, хоккейші Вячеслав Фетисов, ағайынды боксшылар Виталий және Владимир Кличко, теннисші Жюстин Энен, сумошы Хакухо Сё, жағажай волейболының шебері Жаклин Силва иеленген болатын.