С.Сәрсенов қазақстандықтарды заң шығару процесіне белсенді атсалысуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов қазақстандықтарды «Ашық НҚА» порталы арқылы нормативтік-құқықтық актілерді белсенді талқылауға шақырды. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
«Ашық НҚА» порталында 1416 нормативтік-құқықтық актілердің жобалары ашық талқылаудан өтті. Мен еліміздің азаматтарын және үкіметтік емес ұйымдарды бұл процеске белсендірек араласуға шақырамын. Егер мемлекеттік органдардың НҚА-ні уақытылы жариялауына қатысты сұрақтар болса, біз ол ескертулер бойынша жұмыс жасауға дайынбыз», - деді вице-министр.
Сонымен қатар оның сөзі бойынша, «Ашық бюджеттер» порталында жыл басынан бері 82 әкімшілік бюджеттік бағдарламалардың есебі жарияланған. 2012 жылдан бері «Ашық диалог» порталына 180 мың өтініш түсті, олардың 130 мыңы мемлекеттік органдардың жауабын ала алды. Ал «Ашық мәліметтер» барлық мемлекеттік органдармен 339 мәлімет жиынтығы жарияланды.