С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті әлемдік ЖОО-лар рейтингінде 3105 орынға жоғарылады

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті өткен 2010 жылы ғылым-білім беру қызметінде үлкен серпіліс жасап,
None
None

www.webometrics.info сайтында жарияланатын әлемдік ЖОО-лар рейтингінде 3105 орынға жоғарылады.

Webometrics сайтының әлем бойынша пайдаланушыларының саны өте үлкен. Сайт жыл сайын 20 000-нан астам ЖОО-ларға талдау жасап, оның 12 мыңын рейтингіге енгізеді.

50 жылдан астам тарихы бар елордадағы Қазақ агротехникалық университеті 2009 жылы осы рейтингтің 10510-орнынан көрінген болса, өткен жылдың нәтижесі бойынша Қазақ Ұлттық медицина университетін (9517), Халықаралық ІТ-университеті (11087) мен Қазақ ұлттық аграрлық университетті (11406) артта қалдырып, 7405-орынға орналасты. Әлемдік ғаламтордың рейтингіне қазақстандық барлығы 27 ЖОО енді.

Аталмыш сайттың мақсаты ғылыми еңбектер мен академиялық материалдардың электронды нұсқаларының қолжетімді болуына қолдау көрсету болып табылады. ЖОО-лардың рейтингі интернет беттерінде жарық көрген басылымдардың саны мен сапасына байланысты анықталды.

Соңғы жаңалықтар