«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы» журналы «Парасат» тәуелсіз сыйлығының дипломына ие болды

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанада жарық көретін «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы» журналы «Парасат» тәуелсіз сыйлығының дипломына ие болды.
None
None

Өткен аптада Алматы қаласында отандық ғылымды дамытуға айтулы үлес қосқан ғалымдарды «Парасат» тәуелсіз сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті. Сыйлық «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның бастамасымен өткен жылдан бастап беріле бастады. Былтыр жүлделер мақалалары шетелдік басылымдарда ең көп жарық көрген ғалымдарға ғана берілсе, биыл бұл сыйлыққа қазақстандық ғылыми журналдар да ие болды.

«АӨК және тағам өнеркәсібі саласындағы жоғары импакт-факторлы Қазақстанның жетекші ғылыми журналдары» аталымында «Парасат» тәуелсіз сыйлығының дипломына «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми жаршысы» журналы ие болды.

Айта кетейік, университеттің аталмыш ғылыми журналы 1994 жылдан баста қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылып келеді. Онда профессорлық-оқытушылық құрамның және аспиранттардың ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалған аграрлық ғылым проблемаларына қатысты жаңа зерттеулердің нәтижесі жарияланады. Журнал тоқсан сайын жарық көреді. Оның редакциялық кеңесінің төрағасы ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Айтбай Бұлашев.

Соңғы жаңалықтар