С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ әлемдік ЖОО-лар рейтингісінде 6469-шы, отандық ЖОО-лар арасында 7-ші орынға көтерілді

ТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Webometrics ғаламтор желісінде жарияланатын әлемдік ЖОО-лар рейтингісінде 6 469-шы орынға, ал отандық университеттер арасында 7-ші орынға көтерілді. Бұл туралы университет сайтында хабарланды.
None
None

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың www.agun.kz сайты бұл рейтингте Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті, Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті сынды Қазақстандағы ірі жоғары білім ордаларының алдын орап тұр.

www.agun.kz сайты 2001 жылдан бастап әлемдік ғаламтор желісіне қосылды. Соңғы он жыл ішінде сайт үнемі қарқынды даму алып, салмақты дизайн, ұтымды әрі қолма-қол ақпарат пен жылдам қызметінің арқасында жаңашылдыққа бет алды. Сайт беттерінен қажетті мағлұматтарға ғалымдар мен оқытушылар да, студентер мен талапкерлер де уақытылы қол жеткізе алады. Сайт ақпараттары бірнеше тілде таратылады: қазақ тілінде, латын қарпінде, орыс тілінде, ағылшын және қытай тілдерінде. Қазіргі таңда университет әкімшілігі сайт контентінің жиі жаңартылуына, мұндағы ғылыми әрі академиялық мақалалардың ұтымды жариялануына екпінді назар аударады.

«Университет сайтының қызметі Webometrics ғаламтор желісінде әрдайым оң бағасын тауып, әлемдік дәрежеде деңгейленуі ұжымға қуанышпен қатар, жаңа мүмкіндіктер сыйлайтыны сөзсіз», делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, Webometrics-тің әлемдік ЖОО-лар рейтингісіне барлығы 12 мыңнан астам оқу орны енді. Олардың алдын АҚШ, Англия, Канада және Еуропа елдерінің жоғары мектептері бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар