С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен онлайн бейнеконференция өткізілді

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде VI Астаналық экономикалық форумы аясында Нобель сыйлығы лауреаттарымен онлайн бейнеконференция өткізілді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да Нобель сыйлығы лауреаттарының қатысуымен онлайн бейнеконференция өткізілді

Аталған шара С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың «Ауыл шаруашылығы биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не экскурсия жасаумен басталды. Конференцияда физика-математика ғылымдарының докторы А.С.Ногай жердегі адамзат энергетикасының мәселелерін шешу үшін ғарыш энергетикалық қорларын пайдалану және баламалы энергия технологияларын пайдаланудың жаңа әдістері туралы сұрақтар қойды.

Конференцияға Нобель Сыйлығы лауреаттары - Сэр Джеймс Миррлис, Роберт Ауманн, Роберт Манделл, Джордж Фицжеральд және т.б. қатысты.

Сонымен қатар, конференция жұмысына университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.