С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы референдумды өткізу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту үшін референдумды өткізу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
None
None

«Астанадағы алғашқы жоғары оқу орны - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту үшін референдум өткізу туралы бастаманы қолдайды. Біздің университет кезіндегі алпауыт державаның ыдырауы мен тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу үрдісін мемлекетпен бірге көрді. Артқа көз жүгіртсек, тәуелсіздігі жас азаматтың жасымен тең мемлекеттің атқарған жұмысы қыруар екендігін түсінесің», - делінген таратылған хабарламада.

ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақ елінің 20 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық, халықаралық байланыстарда жеткен жетістігі, КСРО-ның күні аяқталған кезде ел тізгінін өз қолына алған Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығының арқасында деп біледі.

«Осы жылдар бойы біз Елбасы Н.Назарбаевтың көрегенді жоспарлары мен идеяларын өмірге енгізіп келеміз. Қазіргі уақытта біз университеттің және мемлекеттің 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын бір арнаға тоғыстыра отырып, білім беру, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін өз үлестерімізді қосып келеміз. Біз үшін сондай-ақ, аграрлық сектор ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Президенттің назарынан тыс қалмағаны аса маңызды. Ауыл шаруашылығының мамандарына елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы қойылды, біз мұны тікелей жүктелген міндет деп білеміз және ол мақсатты орындау үшін барымызды саламыз», - делінген хатта.

Хаттарының соңында ЖОО ұстаздары Қазақстан Президентінен өзінің миллиондаған отандастарының үндеуін қаперсіз қалдырмай, ел гүлденуінің кепілі және Елбасы болып қала беруін сұрады.

Соңғы жаңалықтар