С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ҰОС ардагерлерінің құрметіне мерекелік шара өткізді

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік шара өткізді.
None
None

Отан үшін от кешкен ардагерлерді ұлықтауға арналған іс-шара Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіштің алдында өтті. Оған Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары аталмыш жоғары оқу орнында еңбек еткен ардагерлер мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері мен соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары қатысты.

Университет ректоры Айтбай Бұлашев ардагерлерді Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен құттықтап, оларға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Шығармашыл студенттер соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, би биледі. Кеңес солдаттарының шайқас алаңындағы ерліктерін баян ететін театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Өз кезегінде ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа баталарын берді.

ЖОО басшылығы атынан барлық ардагерлер гүл шоқтары мен ақшалай сыйлықтар алды. Іс-шараның соңы меркелік дастарханға ұласты.

Соңғы жаңалықтар