19:38, 16 Қазан 2019 | GMT +6
С.Сейфуллинің 125 жылдығы: Көкшетауда ақындардың аймақтық мүшәйрасы өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Сәкен Сейфуллинің 125 жылдығына арналған ақындардың аймақтық мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының шеңберінде Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында ұйымдастырылған жыр додасына Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Көкшетау қалаларынан келген онға жуық ақын қатысып, Сәкеңге арнау өлеңдерін оқыды.
Ақындардың арасында Ардагерей Кәпұлы, Абзал Балтабай, Жанат Жанқош, Нұрислам Әбділ, Мұхаммед Қоңқаев, Бақытбек Бекмұратұлы, Абзал Балтабай сыңды өнер иелерінің жырлары көрермендердің көңілінен шықты.
Шара соңында мүшәйраға қатысқан ақындардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.