С.Шәпкенов БҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
ОРАЛ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Серік Жамбылұлы Шәпкенов облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылып, облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С.Ж.Шәпкенов 1979 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болып бастаған ол 2002-2006 жылдары облыстық қаржы басқармасында жетекші экономист, бас маман болды. 2006-2007 жылдары БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау, ауыл шаруашылығы департаменттерінің бөлім бастығы қызметін атқарды. 2007-2009 жылдары БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, 2009-2012 жылдары осы басқарма бастығы, 2012 жылдың қаңтарынан облыс әкімінің орынбасары болды.