С. Шайынғазының «Дүние-дәурен» атты поэзиялық жинағы жарық көрді

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан ақын-журналист Сейфолла Шайынғазының «Дүние-дәурен» атты поэзиялық жинағы жарық көрді.

С. Шайынғазының «Дүние-дәурен» атты поэзиялық жинағы жарық көрді

 Бұл кітапқа автордың әр жылдары жазған өлеңдері еніп отыр. Қаламгер көңіліне түйген сырларын жыр арқылы жеткізген. Шығармаларында адамгершілік, парасаттылық қасиеттерді жоғары қояды. Көңіліне қаяу түсірген жайттарды да жырмен өре білген. Дос пен туысқа, ел сыйлаған азаматтарға арнаған өлеңдері де осы жинақтан орын алған.

Жинақта ақынның бір-бір шумақтан жазған «Ой тамшылары» жеке берілген. Бұл кітап көпшілік оқырманға арналған.

Сейфолла Шайынғазы кезінде Қостанай, Торғай облыстық  газеттерде жұмыс істеген. 1996 жылдан бері ел газеті - «Егемен Қазақстанда» еңбек етіп келеді. Оқырман қауым оны қарымы мықты журналист ретінде жақсы біледі.

Бұған дейін поэзиялық және публицистикалық бірнеше кітаптары жарық көрген.