С.Степашин: «Қазақстан - сыбайлас жемқорлық мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік беретін алаң»

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Қазақстан сыбайлас жемқорлық мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік беретін алаңға айналды.
None
None
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дәріс оқыған Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ертең біз Астанада жемқорлық мәселелерін талқылауға арналған үлкен жиынды өткізгелі отырмыз. Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның қаржы-бақылау органдары қатысатын аталған іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдық дертпен бірлесіп күресудің нақты іс-шараларын қолға алу жайы сөз болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан осы орайда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп, биліктегі жемқорлықпен күресудің нақты үлгісін көрсетті. Сондықтан біз осынау үлкен маңызы бар мәжілісті бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік беретін алаңға айналып отырған Қазақстан жерінде өткізуді ұйғардық» - дейді С.Степашин. Айта кетейік, ертең, мамырдың 28-і күні Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру аясында жоғары қаржы органдары мен бақылау органдарының өзара іс-қимыл шаралары» тақырыбында конференция өтеді. Оған Қазақстан, Ресей және Қырғызстан елдерінің Есеп комитеті мен палаталарының жетекшілері, Бас прокуратура және басқа да қаржы-бақылау органдарының өкілдері қатысады.
Соңғы жаңалықтар