С. Волгин «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Белгілі қазақстандық маман Сергей Волгин «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кетейік, былтырғы маусымда С. Волгин «Атырау» командасын жаттықтырған еді. «Қайратқа» келісімен жаңа бас жаттықтырушының алдында жаңа кадрлық проблемалар шығып отыр. Өйткені команда діңгегінің 95 пайызы бұрынғы бас жаттықтырушы Вахид Масудовпен бірге «Локомотив» клубына (Астананың командасы, Алматының «Алматы» және Мегаспорт» клубтарының біріктірілуі арқылы құрылды) ауысып кетті. «Қайраттың» қатарында жаттықтырушылардың негізгі құрамынан «Арман Бірқұрманов пен Ерлен Бекмұқаев қалды. Сондықтан да С. Волгинді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Қазіргі таңда оған өз ұлы, кіші С. Волгин көмектесуде. «Қайрат» клубына таяу арада Сергей Климов пен қақпашылар бойынша жаттықтырушы Вадим Егошкиннің келіп қалуы ғажап емес. Бұл екеуі де былтыр С. Волгинге «Атырау» командасын жаттықтыруға көмектесті», делінген «Біздің спорт» сайтының хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар