С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Профессорлық клиникасы қыз-келіншектерге арнайы акция ұйымдастыруда

Мерекелік акция аясында мұндағы клиниканың барлық мамандарына қаралу үшін 60 пайыздық жеңілдік жарияланған. 7 наурызға дейін кез келген жоғары білікті маманның қабылдауы 1372 теңге болмақ.
Нәзік жандылар 8 наурызға дейін оториноларинголог, кардиоревматолог, терапевт, онколог, маммолог, стоматолог, хирург, гинеколог, дерматолог және т.б мамандардың қабылдауына кіре алады. Дәрігерлердің барлығы - жоғары білікті мамандар, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, профессорлар.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Профессорлық клиникасы 2010 жылы халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ашылған және еліміздегі алғашқы университеттік клиника болып табылады. Ауруларға диагноз қою, оларды емдеу және алдын алуды заманауи деңгейде жаңа технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы медициналық көмек ұсынады, бағалар қолжетімді әрі қызмет көрсету сапасы өте жоғары деңгейде. Орталық әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық құралдарымен жабдықталған және кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынады.