Саакашвили әуежай маңынан жүзім алқабына жер бөлуді ұсынды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат  -  Грузия Президенті Михаил Саакашвили Тбилиси халықаралық әуежайының маңынан жүзім алқабына үлкен жер телімін бөлуді ұсынды, деп жазады BNews.kz.
None
None

Мемлекет басшысының айтуынша, өзінің шарабымен танымал Грузия жеріне келген туристер бірден жүзім алқабын көрулері керек.

«Келген меймандардың барлығына кішкене құтыдағы шарапты кәдесый ретінде сыйға тартатын боламыз», - деді ол.

Жүзім шаруашылығы туралы сөз қозғаған Саакашвили оның «ұлттық идеологияның бір бөлігі» екенін атап өтті. Сонымен қатар ол шарап жасауға ел халқын жастайынан баулу керектігіне тоқталды. Шарап жасау, президент айтқандай, грузин биі сияқты міндетті түрде мектеп бағдарламасына енуі керек.

REGNUM ақпаратына сәйкес, 2011 жылдың соңында Грузияда алғашқы жүзім жасауға үйрететін мектеп ашылған. Онда оқитын студенттер конкурстық негізде іріктеп алыныпты.

Жергілікті билік өкілдерінің ақпаратына қарағанда, 2011 жылы Грузиядан 18 миллион құты шарап экспортталған. Оның негізгі тұтынушысы таяу шетел: Украина, Беларусь және Қазақстан сынды мемлекеттер.

Соңғы жаңалықтар