Саакашвили Еуроодақ саммитіне қатысады
ТБИЛИСИ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Грузияның президенті Михаил Саакашвили Прагада мамырдың 7-сінде өтетін Еуроодақтың саммитіне қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Саммит Грузия әріптесі болып табылатын «Шығыстағы әріптестік» Еуроодақ бастамасына арналған. Сонымен қатар, онда мамырдың 8-інде еуропалық энергетикалық жобаға арналған саммит өтеді.