04:31, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Саакашвили Грузия премьер-министріне үміткердің азаматтығын қалпына келтірді
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Грузия Президенті Михаил Саакашвили премьер-министрге үміткер Бидзина Иванишвилидің Грузиядағы азаматтығын қалпына келтірді. Бұл туралы кеше брифингіде мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Манана Манджгаладзе мәлім етті, деп хабарлады «Век»» сайты.
Ол президент Саакашвили бұл жайлы тиісті жарлыққа қол қойып үлгіргенін де қоса айтты. Иванишвилидің Грузия азаматтығы оның француз азаматтығы жойылған бойда күшіне енеді. Иванишвили бұдан бұрын француз азаматтығын алған кезде автоматты түрде оның азаматтығы тоқтатылған еді, өйткені Грузияда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.
Еске сала кетейік, Иванишвиидің саяси қызметі және оның «Грузин арманы» қозғалысы Михаил Сакашвилиді тағынан тайдыруды көздейді. Биздзина Иванишвилиді азаматтығынан айыру туралы шешімді Грузия президенті 2011 жылғы 11 қазанда миллиардер саяси күресті бастаған кезінде қабылдаған болатын.