Саакашвили украиналық телеарнада жүргізуші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Zik арнасындағы телешоуда жүргізуші болды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды  russian.rt.com.

Саакашвили украиналық телеарнада жүргізуші болды

«Біз Зиктегі алғашқы бағдарламаны «Другой Украины» жаздық, өте өткір болып шықты. Әр апта сайын  бұл бағдарламада сіздерге ешбір арна көрсетпейтін Украинаны көрсететін боламын», - деп жазды Саакашвили.

Саакашвили алғашқы бағдарламаны иттің үйшігі секілді заттың фонында түсірген.